Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Президент архивінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбына арналған үшінші ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Әлемдік архив ғылымының жетістіктері жан-жақты сөз болған халықаралық конференцияда экономика мен қоғамның технологиялық жаңғыруының тәжірибелері, цифрлы технологияларды белсенді енгізу мәселелері де күн тәртібіне шығарылды. Жиынға қатысушылар сондай-ақ архивтер қызметінің жаңа мазмұнын ескере отырып, алдағы уақытта архив ісін дамыту жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің рөлі, бүгінгі архив саласының жағдайы да назардан тыс қалмады. Конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуы және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.
Президент Кеңсесінің басшысы Нұрлан Онжанов құттықтау сөзінде конференцияның алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылып отырғанын айта келіп, мұндай алаңның архив ісінің еліміздің түрлі өңірлері мен Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей және Өзбекстаннан келген кәсіби мамандардың басын біріктіруге мүмкіндік бергенін де алға тартты. Архив саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауда жиынның маңыздылығы мен қажеттілігін атап көрсеткен Н.Онжанов: «Толық цифрландыру – қазіргі таңда әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында да ерекше атап өтті. Сондықтан жаһандық ақпараттандыру дәуірінде конференцияның күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселелері ерекше мәнге ие», деді. Ал Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей, Өзбекстан және Финляндияның ғалымдары мен тәжірибелі мамандары қатысқан конференцияда «ХХI ғасырдағы архив ісі: дәстүр және дамыту бағыттары», «Архивтер және қоғам: тарихи жадыны сақтаудағы әрекеттестік», «Архивтік білім: кадрларды даярлау мәселелері» тақырыптары қызу талқыланды.
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:07
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 13:35
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 12:20
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 11:20
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Екібастұзда полиция қызметкерлері алаяқтарды құрықтады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионаты іріктеуінің бірінші кезеңінен өтті
Спорт • Бүгін, 09:30
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Бүгін, 09:02
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар