Қазақстан • 22 Қазан, 2021

«Ұлттық рухани жаңғыру» – үш бағытты ұлттық жоба

1658 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлттық кодты сақтап, құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауды мақсат тұтқан «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

«Ұлттық рухани жаңғыру» –  үш бағытты ұлттық жоба

Министрдің айтуынша, жоба қоғамның мәдени дең­гейін, талғамы және рухын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар жастарға жаңа мүм­кіндіктер ашып, олардың түрлі бастамасына жан-жақ­ты қолдау көрсетеді. Жоба­ның басым бағыттарына жеке тоқталған А.Балаева баян­да­масында: «Мазмұны жағы­нан бұл мәні терең, ауқы­мы өте кең жоба. Бұл – ға­сыр­лар бойы қалыптасқан халқы­мыз­дың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, оны ұрпақ бойына сіңірудің маңызы өте зор. Өйткені бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – бұл біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі болып қалмақ. Осы мәселелерді шешу үшін жобаны үш негізгі бағытта іске асыру көзделіп отыр», деп атап өтті.

Елбасының бағдарламалық мақа­ласында көрініс тапқан «Ұлттық рухани жаң­ғыру» жобасының бірінші ба­ғыты – «Рухани жаңғыру» құн­ды­лықтарын одан әрі ілгерілету. Бұл жерде мем­ле­кет­тік тілді дамыту міндеті бөлек бел­гіленген. Жалпы, аталған блок бойынша 38 жоба жоспарланса, олардың түпкі мақсаты – ұлт­тың шығармашылық және зият­керлік әлеуетін қолдау және дамыту. 2025 жылға
дейін халықтың 88,5%-ын «Ру­хани жаңғыру» бағдарла­ма­сы­ның жобаларымен, мектеп жа­сын­дағы балаларды 100% мәдени тәрбиемен қамту, «оқи­тын ұлт» жобасы шең­берінде халықтың оқырман белсен­ділігін 40%-ға дейін арттыру, сондай-ақ меценаттар қаражаты есебінен 3000 нысан салу және жөндеу жоспарланған.

Екінші бағыт «Ел Рухы» деп аталады. Мұнда мәдениет са­ласындағы қызметтердің қол­жетімділігін арттыру, сондай-ақ отандық мәдени өнімдерді, оның ішінде шетелдерде ілге­рілету жөніндегі іс-шаралар кешені біріктірілген. Бұл үшін 2025 жылға қарай 13 ірі іс-шара өткізу, 5 нақты нәтижеге қол жеткізу көзделген. Атап айт­қанда, инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде жаңа мәдени объектілер салу арқылы ауыл және шалғайдағы елді мекендер тұрғындарының 92,5%-ы мәдениет саласы қызметтерімен қамту қамтамасыз етілетін бо­лады. Министрдің мәлім­деуінше, жоба аясында халық­тың мәдениет нысандарына бару көрсеткішін екі есеге кө­бейту жоспарланған. Сондай-ақ мәдениет саласындағы қыз­меттер сапасын арттыруға да ерекше мән беріліп отыр. «Осы мақсаттар үшін 250 жаңа мәдениет нысаны салынады және жұмыс істеп тұрған 1200 мәдениет нысаны күрделі жөн­деуден өтеді. Еліміздің шығар­машылық әлеуетін тікелей қолдау арқылы отандық мә­дени өнімдерді өндіру жүйесі құрылады, оның ішінде кино­прокаттағы отандық фильм­дердің үлесі 25 пайызға дейін арттырылады. Жаңадан құры­латын «Қазақанимация» шығар­машылық бірлестігі базасында 40-қа жуық анимациялық фильм шығарылады», деген ведомство басшысы болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған таланттардың 150 жобасына қол­дау көрсетілетінін де айтып өтті.

Брифингте отандық мәде­ниеттің барлық жетістігімен онлайн режімде танысуға мүм­кіндік беретін e-culture.kz бірың­ғай электронды платфор­масы жайлы жан-жақты түсін­діріп берген А.Балаева мем­лекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – жобадағы маңызды міндеттің бірі екеніне ерекше тоқталды. «Өйткені «ұлтты сақ­тау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлт­аралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қо­ғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы. Сондықтан бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар», деді министрлік басшысы. Бір сөзбен айтқанда, «Ұлттық рухани жаңғырудың» басты көздегені – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кеңейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру.

Сондай-ақ брифинг барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұр­ғиса Дәуе­шов ұлттық жоба аясында 20 іс-шара ұйымдас­ты­рылатынын хабарласа, Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев алдағы уақытта «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің бөлек оқытылатынын мәлімдеді.