Алдағы жексенбі күні Сербия астанасы – Белградта бокстан ересектер арасындағы 21-ші әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Жаңа ережелер бойынша өтетін биылғы жаһандық біріншіліктің жаңалығы көп. Мәселен, Сербиядағы додада былғары қолғап шеберлері тарихта тұңғыш рет 13 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасатын болса, жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшыларға алғаш рет сыйақы тағайындалып отыр.

«Сербияда топ жарған боксшылар енді бұрынғыдай өз елдеріне тек медальмен ғана емес, сонымен қатар қомақты ақшалай сыйақымен оралады. Бұл жастарды бокс үйірмесіне баруға, шынығып, жаттығуға және жаңа шыңдарды бағындыруға жетелейтініне сенімдімін. Алдағы жарыстарда осы дәстүрді жалғастырамыз деп ойлаймын. Боксшылардың дайындыққа кететін уақыты мен жаттығу залындағы еңбегін, шаршы алаңдағы маңдай терін ескере отырып, оларға қаржылай сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдадық. Боксшылар рингте ғана табысқа жетіп қоймай, материалдық тұрғыдан да өзін өзі қамтамасыз етіп, одан әрі дамуы тиіс», дейді AIBA президенті Умар Кремлев.
Сонымен қатар Белградта өтетін әлем чемпионатында боксшылар рингке алғаш рет ақ қолғап киіп шығады. Ал олардың спорт киімінің түсі бұрынғысынша, көк және қызыл болып қала береді. «Ақ қолғаптар жаңа бастамаларымыздың, сондай-ақ біз ұйымдастырып жатқан осындай ауқымды іс-шараның әділдігін білдіреді. Біз әрбір спортшы әділ жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз», деп атап өтті У.Кремлев.
Қазақстандық боксшылардың Токиодағы тоқырауынан кейін жанкүйерлер әлем чемпионатында отандастарымыздан тек алтын жүлде күтетіні анық. Алайда тұғырдың биік сатысынан көріну кез келген боксшыға бұйыра бермейтіні тағы бар. Сондықтан Белградта қай боксшымыз топ жаруы мүмкін екенін саралап көрейік. Қазақстандық бокс сарапшылары Сербияда әнұранымызды шырқатуға ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Теміртас Жүсіповтің, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың (51 кило) және Бек Нұрмағанбеттің (86 кило) айтарлықтай мүмкіндіктері бар деп есептейді.
Теміртас Жүсіповті қазір нағыз бабында тұрған боксшының бірі деп айтуға болады. Өйткені ол жуырда ғана Ресей астанасы – Мәскеуде өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 49 кило салмақта чемпион атанды. Сонымен қатар аса жеңіл салмақ дәрежесі Олимпиадалық салмақтың қатарынан шығып қалған соң 48 килодағы сақа боксшылардың біразы салмақ дәрежелерін өзгерткен. Мәселен, Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Хасанбай Дусматов, Азия ойындарының жеңімпазы үндістандық Амит Пангал және тағы басқа жеңіл салмақтың үздіктері қазір 51 килода жұдырықтасады. Сондықтан бұл сында Т.Жүсіповке басты қарсылас өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедов атануы мүмкін. 2019 және 2021 жылдары екі дүркін Азия чемпионы атанған ол жуырда ғана Дубайда өткен сары құрлық біріншілігінде былтырғы Қазақстан чемпионатында Жүсіповті жеңген Даниал Сәбиттен айласын асырып, алтын жүлдеге иелік еткен болатын.
Сәкен Бибосыновтың Токио Олимпиадасындағы жарқын өнерінен кейін бапкерлер де, жанкүйерлер де отандасымыздан алтын медаль күтетіні рас. Бірақ жоғарыда біз атап өткен Дусматов, Пангал сияқты боксшылар Бибосыновқа 51 килода қиындық тудыратыны анық.
Ал әлем чемпионы атану үшін кәсіпқой бокстан әуесқойға қайта оралған Бек Нұрмағанбет Сербияда жаңа салмақта бақ сынайды. 86 кило әуесқой боксқа жаңадан қосылған соң, әлі бұл салмақ дәрежесінің нақты бір көшбасшысы жоқ. Сондықтан Бек осы мүмкіндікті тиімді пайдалануы керек.
Сонымен қатар әлем чемпионатында Сабырхан Махмұд (54 кило), Санатәлі Төлтаев (63,5 кило), Абылайхан Жүсіпов (67 кило) және ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлардың жүлдегерлер қатарынан көрінетіндей әлеуеттері бар.
Сабырхан Махмұд – еліміздегі талантты жас боксшылардың бірі. Былтыр 52 кило салмақта ел чемпионы атанғанымен, Токио Олимпиадасына жолы түспеді. Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Ғалым Кенжебаев қызметінен кетіп жатқанда осы боксшының әлеуетін жоғары бағалап, оған әлемдік сындарда өзін көрсетуіне мүмкіндік бере алмағанына өкінетінін айтып еді. Енді, міне, Сабырханға өзінің мықтылығын дәлелдеуге тамаша сәт туып тұр. Бұл салмақ та жаңадан қосылған соң, кімнің фаворит екенін тап басып айту қиын.
2018 жылғы Қазақстан чемпионы, 2019 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Санатәлі Төлтаев та соңғы жылдары тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Жуырда ғана Ақтауда аяқталған Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнирде үздік атанып, әлем чемпионатына жолдама алды.
Қатарынан екі әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген Абылайхан Жүсіпов биыл үшінші додасына бара жатыр. Жастар арасында әлем, Олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз ересектер сапында сол нәтижесін қайталай алмай келеді. Бәлкім осы жолы қоласын алтынға ауыстырып қалар.
69 килодан 71 килоға ауысқан Асланбек Шымбергеновтің жолы ауырлау болып тұр. Өйткені бұл салмақта екі дүркін Олимпиада, бір мәрте әлем чемпионы атанған кубалық Роньель Иглесиас Сотолонго, 2017 жылғы Азия және әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері өзбекстандық Шахрам Гиясов бар. Десе де отандасымыз сәуір айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Губернатор кубогы» жарысында Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионы ресейлік Андрей Замковойды айқын басымдықпен ұтып, мықтылармен тайталасуға қауқары бар екенін дәлелдеген еді.
Қалған боксшылар да ел мерейін асырып, Белградтан абыройлы оралады деп үміттенеміз.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар