Спорт • 22 Қазан, 2021

Қазақстандық теннисші ITF Men25 жартылай финалында ойнайды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық теннисші Денис Евсеев елордада өткен халықаралық турнирдің жеке разрядының 1/2 финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші ITF Men25 жартылай финалында ойнайды

Осы маусымды сәтті өткізген 28 жастағы спортшы қазір «фьючерс» сериясындағы турнирде өзін ерекшелендірді. Жарыстың басында Денис үш теннисшіні жеңіп, енді жартылай финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Оның келесі қарсыласы 27 жастағы канадалық Филип Пело болды.

Тағы бір жартылай финалда теміртаулық теннисші Григорий Ломакин ресейлік Константин Кравчуктан 4:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Жұптық разрядтың шешуші матчында қазақстандық Бейбіт Жукаев ойнайды, ол ресейлік Андрей Кузнецовпен тандемде 22 қазанда Джереми Биладан (Австралия)\Эрик Ваншелбоймадан (Украина) басым түсті.