Спорт • 22 Қазан, 2021

Қазақстандық спортшы стенд атудан әлемдік доданың қола жүлдегері атанды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық мерген Зоя Кравченко стенд атудан халықаралық турнирде үздік үштікке енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы стенд атудан әлемдік доданың қола жүлдегері атанды

Кипрдің Ларнака қаласында стенд атудан ISSF President's Cup Shotgun халықаралық додасы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Зоя Кравченко скит-микс санаты бойынша жұптық додаға қатысты. Аралас жұптық дода бойынша ол франциялық жұбы Эрик Делаунаумен бірге жарыстың қола жүлдегері атанды.  

Айта кетерлігі, әлем кубогының финалы болып саналатын дүниежүзілік бәсеке 24 қазанға дейін жалғасады.