Әлем • 22 Қазан, 2021

Ресейде жойқын жарылыстан 15 адам қаза тапты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 қазан таңертең Рязань облысында жарылғыш зат өндіретін «Разряд» компаниясының цехында өрт болды. Соңғы мәліметтер бойынша соның салдарынан 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде жойқын жарылыстан 15 адам қаза тапты

Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді.

Шилов ауданы Лесное поселкісіндегі бұл оқиғаға қатысты ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне Мәскеу уақытымен сағат 08:22 кезінде хабарланды. Өрт бір қабатты цехта болған және онда жарылғыш зат сақталған.

Өрт 160 шаршы метр ауданда ауыздықталып, қазіргі кезде қызыл жалын сөндірілді.

Белгілі болғандай, цех ғимараты толықтай қирап, опырылып түскен. Тек жекелей құрылыстар ғана өрт салдарынан бұзылмаған.

Рязань облысының билігі 15 адамның қаза болғанын растады. Аталған оқиға бойынша РФ тергеу комитеті тексеруді бастап кетті. Ғимаратында өрт болған «Разряд» ЖШҚ өнеркәсіптік жарылғыш зат шығаруға маманданған. Сонымен қатар кәсіпорын оқ-дәріні утилизациялаумен айналысып келді.