Жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ширек финалында доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс америкалық Виктория Дювальмен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Зарина финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, америкалық Мария Беатриспен таласады.