Қоғам • 23 Қазан, 2021

Қазақстанда қала сыртындағы балалар лагерлері ашылады

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин емдеу-сауықтыру лагерлерін дамыту мен қолдаудың Республикалық бағдарламасын қабылдауға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қала сыртындағы балалар лагерлері ашылады

«ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №356 бұйрығымен бекітілген» санаторийлер, турбазалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу, әрекетсіз лагерьлерді қалпына келтірудің 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес қала сыртындағы балалар лагерьлерінің желісін кеңейту, оның ішінде OOP бар балалардың демалуы үшін оларды медициналық мамандармен, емдік дене шынықтыру бойынша физиопроцедураларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдықтармен жабдықтау шаралары қарастырылған», деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар «Қазақстан Республикасында 2021-2023 жылдарға арналған мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру туралы»,«2020-2023 жылдарға арналған Бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу туралы» Жол карталары шеңберінде іске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар