«Сирияның солтүстік-батысындағы бүгінгі әуе соққысы «Аль-Каиданың» аға лидері Абдул Хамид Әл-Матарды жойды. Бізде әуе шабуылынан зардап шеккен бейбіт тұрғындар туралы мәліметтер жоқ. Әуе соққысы MQ-9 көмегімен жасалды», делінген хабарламада.
Бұған дейін американдық барлау агенттіктері «Аль-Каида» содырларының Ауғанстанға орала бастағанының алғашқы белгілерін тіркегені туралы хабарлаған болатын.
Айта кетсек, дәл осы «Аль-Каида» 2001 жылғы 11 қыркүйекте жасалған шабуылдарға қатысы барын растады, содан кейін АҚШ Ауғанстанда әскери операцияны бастады.
«Аль-Каида» - ең ірі ультра радикалды халықаралық террористік ұйымдардың бірі. 1988 жылы Ауғанстанда Усама бен Ладен кеңес шапқыншылығымен күресу үшін құрылған. Ұйым «ұлы Ислам халифатын» құруды мақсат етіп отыр.