Жол апаты 22 қазанда Еленовка ауылының маңындағы Көкшетау – Қостанай автожолында болды. 34 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Volkswagen Golf автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығып, Kia Sportage кроссоверімен соқтығысуға жол берді, оны Қостанайдың 55 жастағы тұрғыны жүргізіп келген.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алған жарақаттардан Нұр-Сұлтанның 41 жастағы тұрғыны Volkswagen Golf автокөлігінің жолаушысы қайтыс болды. Көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне түрлі жарақатпен Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, KIA Sportage маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді», делінген Ақмола облысы ПД хабарламасында.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.