Депутаттар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәртебесін конституциялық заң деңгейінде бекіту қажет деп есептейді
Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмзебек Жолшыбеков, Розақұл Халмұрадов және Светлана Ферхо журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, сұхбат берді.
Депутаттар бастамашы болған “Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы түсінік берді.
Депутаттар Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәртебесін конституциялық заң деңгейінде бекіту қажет деп есептейді. Осыған орай аталған заңдарға түзетулер енгізу жөн саналған.
Парламентшілердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының айрықша тарихи миссиясына байланысты оның конституциялық өкілеттігін нақты регламенттеу қажет, сондай-ақ оның қызметін қамтамасыз етудің кепілдігін қарастыру керек.