Жібек Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Жібектің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы.
Ал жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік атанды. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен жеңді.