Коронавирус • 24 Қазан, 2021

Індет жұқтырғандардың жүйкесі сыр береді

8371 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін елімізде 928 211 адам індетке шалдығып, 12 мыңдай адам көз жұмған екен. Әрине, бұл – ресми дерек, шын мәнінде КВИ жұқтырғандар саны мұнан да көп және өз бетінше үйінде ем-дом қабылдады деген долбар айтуға дәлел мен дәйек аз емес.

Індет жұқтырғандардың  жүйкесі сыр береді

Індеттің қақпасы болған Алматы әлі күнге дейін «қызыл ай­мақта». Ал қаланың бас сани­тар дәрігері күздің басында «Дельта» штамының 15 мутация­сы анықталғанын мәлімдеген еді. Дегенмен оның айтарлықтай эпи­демиялық маңызы болмаған.

«Қазір штамм мутацияланып, Еуропа мен Ресейдегі жағ­дай қатты ушығып тұр. Ше­каралас жатқан Ресей Феде­ра­циясында індеттің таралу қар­қы­ны өткен жылғы шарықтау ше­гінен де асып түсті. Мұның барлығы адамды шошытатыны сөзсіз. Алдын алу шараларын қабылдап, мегаполистегі бақылау күшейтілді. ДДҰ мәлі­ме­тінше, Ұлыбритания, Румыния және Балтық жағалауы елдері коронавирустың таралуы бо­­йынша антирекорд орнатып отыр. Сол себепті Ресейден ғана емес, Еуропадан келгендерге де бақылау күшейтілді», дейді Алматы қаласы санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау де­пар­таментінің басшысы, қала­ның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Ол кезекті баспасөз мәсли­ха­тында: «Ел «дельта» шта­мы­ның қаншалықты қа­уіп­ті еке­нін ұғыну үшін оның салдарын түсінулеріңізді сұраймын. Бастапқыда диарея синдромы басым болса, қазір жүйке-ток­си­ка­лық синдромы көп кездеседі. Осының салдарынан адамның миына зақым келіп, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Адам коронавируспен ауырып шыққан соң да оны постковидтік синдром мазалайтын болады. Осы синдром әсерінен көз жұмғандар да көп. Осы орайда қалмай екпе алуларыңызды, көпшілік орын­дарға бармауларыңызды сұ­рай­мын», деді.

Ж.Бекшин Ресей Федера­ция­сымен арада екпе пас­пор­тын бірге мойындау туралы келісім жоқ болғандықтан, шекарадан өткен азаматтардан 72 са­ғат­қа дейін жарамды ПТР-тест нә­ти­же­сі сұралатынын еске салды.

«Дерттің төмендеу қарқыны сақ­талған жағдайда айдың со­ңында тәулігіне індет жұқ­тыр­ғандар саны 300-ден азаяды деп болжанып отыр», деді Ж. Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер эпи­де­миялық ахуалдың тұрақтануына халық­тың иммун­дық қабатының өсуі себеп болды деп есептейді. Бұл бүгінде 54%-ды құрайды (екінші компонентпен халықтың ресми санының 45,8%-ы + жыл басынан бері ауырып жазыл­ған­дардың 7,9%-ы вакциналанды). Сонымен қатар КВИ жағдайларының төмендеуіне КВИ науқастары мен байланыс­та болған адамдардың қо­ғам­дық орындарға баруын шектеу­ге тыйым салу ықпал еткен. Ин­фек­цияның таралуын азайтуға Ashyq жобасы мен жұмысы және үй карантинін бұзушыларға қа­тыс­ты әкімшілік шаралар, вак­циналанбаған немесе ПТР-сыз қыз­меткерлердің күндіз жұ­мыс істеуіне тыйым салу әсер етті.

«Бірақ бізде халықтың ты­ғыз­дығы жоғары және жал­ға­сып жатқан ішкі көші-қон жағ­да­йында вакциналанбағандар да көп. Азаматтар шектеу шараларын бұзуды жалғастырып, бетперде кимейді, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды, сон­дай-ақ жекелеген кәсіпкерлер Ashyq жүйесінің талаптарын өтірік орындайды», деді бас са­ни­тарлық дәрігер.

Осы арада Алматыда Еуропа елдері мен Ресейден келгендерге бақылау күшейтілгеніне тоқтала кеткен жөн. Себебі, көр­ші елде індет қайта өршіп тұр. Ковид бойынша антирекордтар Еуропа және Балтық елдерінде орнатылды. Осындай жағдайға байланысты, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиолог мамандары осы елдерден Алматы халықаралық әуежайына келгендерді бақылауды күшейтті.

«Ресей Федерациясындағы жағдай күрт күрделене түсті, біз Еуропадан келгендерге ба­қы­­лауды күшейттік, қазір ауру­­д­ың күрт өсуі байқалады. Ру­мы­­нияда, Ұлыбританияда және Бал­тық елдерінде антире­ко­рд жазылды. Халық қазіргі уақыт­та айналымдағы «дельта» нұс­қа­сына толық мән беруі керек. Егер бұрын диарея сияқты КВИ симптомы басым болса, бү­гін­де оған нейро-токсикалық син­­дром қо­сылды, бұл есте сақ­­­тау қабі­ле­тінің нашарлауы. ­Нау­­қастар ­ауруханаға түс­кен кезде есін жоғалтады. Миы за­қым­данады, ауырып жазыл­ған адам­нан көпке дейін індет бел­гі­ле­рі қалмайды», деді Ж.Бекшин.

«Әлі күнге дейін қауіп айма­ғын­да қарттардың жағдайы қиын екенін ұмытпау қажет. Ең көп жұқтырғандар – 20-39 жас­­­­тағы азаматтар, олар аптасына жұқтырғандардың 28%-ын
құрайды, 24%-ы – 40-59 жас­та­ғылар, 25%-ы – 60 жастан асқандар. Соңғы аптада балалар мен жасөспірімдер арасында ауру­шаңдықтың 2,6%-ға өскені байқалады», деді Алматының бас сани­тарлық дәрігері.

Ж.Бекшин қазіргі корона­ви­рус­тың «дельта» нұсқасы жайлап тұрғанда, оның өршуін басу үшін иммундық қабатты 80%-ға жеткізу керектігін қайта-қайта қа­перге салып отыр. Алайда вак­циналаудың күнделікті өсуі 1%-ды құрайды.

«Қазір иммундық қабат 54%-ды құрайды. Егер осындай қар­қын­ды сақтап қалсақ, онда вакциналау мерзімі жыл соңына дейін созылып, 70%-ға жетуі мүмкін», деді Ж.Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер қа­зір­гі коронавирустың «дельта» нұсқасының өте қауіпті еке­нін, Алматыда осыған қатыс­ты жағдайдың 95%-ының тіркел­ге­нін, ауырып жазылғандар арасында ағзаның әлсіреуі мүмкін екенін, әсіресе соңғы уақытта індет жұқтырғандарда жүйке-токсикалық белгілері басым екенін еске салды.

АЛМАТЫ