Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында талантты суретші Таңсық Мәжитованың халқымыздың ардақты перзенттерін айшықты бейнелеген «Тәуелсіздік тұлғалары» атты көркем портреттер көрмесі ашылды. Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Оған қылқалам шеберінің 60-тан астам авторлық туындысы қойылды. Мазмұнды шараның ашылуында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов көрменің маңызына тоқталып, суретшінің шығармашылығына ізгі лебізін білдірді.
Көрмедегі ұлт руханиятының бір-бір уығына айналған Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Герольд Бельгер, Ақселеу Сейдімбек, Ескендір Хасанғалиев, Сатыбалды Нарымбетов және т.б. ардақты азаматтардың образын суретші сыртқы бейнесі арқылы ғана емес, олардың болмысына жан-жақты үңіліп, көркем дүниеге айналдырған.
Сондай-ақ көрме иесінің әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева, дарынды кардиохирург Юрий Пя, Ботай мәдениетін зерттеуші ғалым Виктор Зайберт, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бейнелері де келушілердің қызығушылығын туғызды. Таңсық Мәжитова осы портреттерді салуда кейіпкерлерін жақын тану үшін, олармен жүздесіп, ішкі-жан дүниесіне терең бойлаған.
Мәдени шара кезінде сөз алған жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров суретші кейіпкерлері ел мүддесін бәрінен биік қойған, шын мәнінде ұлтжандылықтың озық үлгісін көрсеткен дей келіп: «Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы тұлғалары – жұртының жадында, елінің есінде мәңгі сақталады. Бұл көрме бұдан былай да тұрақты түрде өтіп, экспозиция бүгінгі танымал тұлғалардың портреттерімен толықтырылады» деді.
Іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар