Қазақстан • 25 Қазан, 2021

Төрегелді Шарманов: Ғылымның рөлі төмендеп кетті

1097 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

РҒА және ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов өзінің Facebook парақшасында елдегі ғылымның жай-күйі жайлы жазба жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Төрегелді Шарманов: Ғылымның рөлі төмендеп кетті

«Бізде ғылымның рөлі төмендеп кетті. Академия деген ардақты атаудың әбден қадірін қашырдық. Адамның ойына келмейтіндей «академиялар» бар. Адам танымайтын «академиктер» бар. Сөйлесе қалсаң өзің ұяласың. Қарапайым ғылыми түсініктердің өзін дәлме-дәл қолдана алмайды. Ешкіммен айтысып-тартысып, ғылыми полемикаға түсіп көрмеген. Өзінің қалай қорғағанын білетін жаңағы доктор ғылыми кеңеске мүше болғаннан кейін енді қорғауға келетіндерге де тиісінше талап қоя алмайды. Қойғысы да келмейді», деп жазды Төрегелді Шарманов.

Оның айтуынша, бұған дейінгі кезеңде докторлық тұрмақ, кандидаттықты қорғаудың өзі оңай болмаған. 

«Қазір кандидаттық қорғау докторлық қорғаудың алдындағы «разминка» сияқты болып қалды.

Баяғы Сәтбаев заманындағы академияны көксеуіміз шын мәнінде кәдімгі мифті, өзіміздің қиялымызда ғана қалған мифті көксеу болып шықты», дейді академик.