Әлем • 25 Қазан, 2021

Ресей «Талибанды» террористер тізімінен шығаруы мүмкін

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан СІМ-нің уақытша Үкіметтегі баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи биліктегі қозғалыстың халықаралық қауымдастықпен жақсы қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей «Талибанды» террористер тізімінен шығаруы мүмкін

Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі мәлім етті.

Ауғанстандағы билікті басып алған Талибан Ресей Президенті Владимир Путиннің «Талибан» радикалды қозғалысын (Ресей Федерациясында тыйым салынған) террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкіндігі туралы пікірін құптайды.

«Ауғанстан Ислам әмірлігінің Сыртқы істер министрлігі Ресей Президенті Владимир Путиннің ИЭА басшыларының есімдерін қара тізімнен алып тастау туралы айтқан сөздерін қолдайды. Соғыс аяқталғандықтан, әлем елдері Ауғанстанға оң көзқарас танытуы керек. Біз өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық қауымдастықпен жақсы қарым-қатынасқа ұмтыламыз», деп жазды Талибан қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілі Twitter-дегі парақшасында.

21 қазанда Валдай халықаралық клубының отырысында сөз сөйлеген Владимир Путин «Ресей «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығаруы мүмкін» дегенді айтты. Алайда бұл қадамды алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жасау керектігі ескерілді.