Экология • 25 Қазан, 2021

Қазақстанда жаңа мемлекеттік ұлттық парк құрылады

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа мемлекеттік ұлттық парк құрылады

Оның айтуынша, биоәртүрлілікті сақтау мәселелері жаһандық мақсатты міндет болып отыр.

Министр Ұлттық жоба шеңберінде 4 міндетті қамтитын «Табиғат» бағытына тоқталды.

«Экожүйелердің орнықты дамуы үшін әлемдік тәжірибе бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесі жалпы аумақтың 9,6%-ын құрайды. Осыған байланысты «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру болжануда», деді ведомство басшысы.