«Қазіргі уақытта науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске сала кетсек, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады. Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.
Сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалының басталғанын хабарлады.