Спорт • 26 Қазан, 2021

Дэвис Кубогы-2021: Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыластары анықталды

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы 25 қарашадан 5 желтоқсанға дейін теннистен командалық әлем чемпионаты – Дэвис Кубогының финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дэвис Кубогы-2021: Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыластары анықталды

Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Юрий Щукин бастаған қазақстандық команданың жаттықтырушылар штабы шешуші кезеңге қатысу үшін келесі ойыншыларды таңдады: Александр Бублик (ATP рейтингінің 34-ші нөмірі), Михаил Кукушкин (159), Дмитрий Попко (162), Андрей Голубев (ATP жұптық рейтингінің 35-ші нөмірі), Александр Недовесов (жұптық рейтингтің 76-шы нөмірі), деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы В тобында Канада және Швеция құрамаларымен ойнайды.

Қазақстандықтардың қарсыластары да ақтық кезеңде кім күресетінін жариялады. Шведтердің құрамы келесідей: Микаэль Имер (101), Элиас Имер (168), Андре Йоранссон (66 жұп рейтинг нөмірі), Джонатан Мрида (511).

Канада құрамасы Испанияға келесі құрамда келеді: Феликс Оже-Альяссим (12), Денис Шаповалов (13), Вашек Поспишил (85) Брейден Шнур (226), Питер Полански (284).

Қазақстан мен Швеция құрамаларының матчы 27 қарашада өтеді, ал 28 қарашада Қазақстандық жасақ 2019 жылы Дэвис Кубогының финалына дейін жеткен Канадамен ойнайды.

Дэвис Кубогының финалдық ойындары алғаш рет бір уақытта үш қалада – Инсбрук, Мадрид және Туринде сарапқа салынады. Турнирге алты топқа бөлінген 18 команда қатысады. А тобында – Испания, Ресей және Эквадор құрамалары, С тобында – Франция, Ұлыбритания және Чехия, D тобында – Хорватия, Австралия және Венгрия, Е тобында - АҚШ, Италия және Колумбия, F тобында - Сербия, Германия және Австрия. Турнирдегі әр матч екі жеке ойыннан және бір жұптан тұрады.

Топтың алты жеңімпазы және екінші орын алғандар арасындағы екі үздік команда турнирдің ширек финалына шығады. Жартылай финалистер Дэвис-2022 Кубогының финалдық бөлігіне қатысуға кепілдік береді.

Дэвис Кубогы 1900 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Турнирдегі жеңістер саны бойынша АҚШ құрамасы рекордшы болып табылады. Ал қазіргі жеңімпаздар - испандықтар.

Соңғы жаңалықтар