Биыл елордада 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға өтінімдер қараша айында басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжаттарды тапсыру мерзімі және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қорының интернет-ресурстарында алдын ала жарияланады.
«Бағдарлама аясында тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жылға беріледі, осы мерзім аяқталғаннан кейін пәтерді босату қажет болады. Сондықтан, өтініш беруші іріктеуден өтіп, жалға берілетін үйге ие болса, бес жыл ішінде өз баспанасына бастапқы жарна сомасын жинауы керек.
Тұрғын үйдің ай сайынғы жалдау ақысы – 5-15 000 теңге. Бұл – жұмыс істейтін жастардың өз баспанасына ақша жинауы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау», делінген әкімдік хабарламасында.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркеуде болу;
- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшесінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).
Бірінші кезекте ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізім бойынша анықтамалардың барлығы жаңа болуы және өтінім берген кезде алынуы керек. Қажетті құжаттар тізімін www.zhilfond.kz.сайтынан білуге болады.
Құжаттарды тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:
- Отбасының болуы үшін – 5 балл, некенің әр жылы үшін – 2 балл;
- баланың болуы үшін – 1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
- бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;
- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге - 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтарды үшін – 2 балл. Қосымша ақпаратты iKomek-тің 109 (мобильді телефондар үшін), сондай-ақ +7-700-725-17-32 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады – «Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасы» ММ.
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар