Қазақстан • 26 Қазан, 2021

«Ашық НҚА»: Мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау туралы жоба талқылануда

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Министр бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ашық НҚА»: Мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау туралы жоба талқылануда

Жоба Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес жасалды.

Жобада мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация салаларындағы мемлекеттік тапсырмалардың, зерттеулердің, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін зерттеулерінің консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау тәртібін реттейтін қағидаларын бекіту көзделеді.

Қоғамдық талқылау мақсатында жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2021 жылғы 26 қазанда орналастырылған (жобаға сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12481555).