Аймақтар • 26 Қазан, 2021

Ақмола облысында мектеп өртенді

1158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында мектеп өртенді

«26 қазан күні түнде Зеренді ауылының мектебінде 40 шаршы метр алаңда жаттығу кабинеті өртенді. Өрт 02:05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт алаңы 40 шаршы метрді құрады», деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өрттің себептері анықталып жатқанын атап өтті.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, «Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқу үдерісі апта соңына дейін онлайн-режимге өтеді.

Оқиға орнында Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.