Оқиға • 26 Қазан, 2021

Павлодар облысында жоғалған ағайындылардың бірінің мәйіті табылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қазан күні кешкі мезгілде Павлодар облысындағы Ақжол ауылы маңынан 20 шақырым жерде 1967 жылы туған адамның денесі табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында жоғалған ағайындылардың бірінің мәйіті табылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысына  сәйкес өлімнің алдын-ала себебі  «ағзаға суықтың өтіп кетуі» болуы мүмкін.

«19 қазан күні Ақсу қаласының полициясына Екібастұз қаласының тұрғыны өзінің екі ағасының хабар-ошарсыз жоғалып кету фактісі бойынша арыз берген. 1967 және 1985 жылы туған ағайындылар 5 қазан күні сағат 17.00 шамасында Ақжол ауылының маңында орналасқан шаруа қожалығының біріне тиесілі жайылымдық жерден кеткені және осы уақытқа дейін олардың орналасқан жері белгісіз екені анықталды. Аталған факті бойынша полицияның және шекара маңындағы өңірлердің барлық жеке құрамы дереу бағдарланды. Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру тобы құрылды. Іздестіру еріктілермен бірге жүргізілді», деді департаментте.


Арыз берушінің 1985 жылы туған екінші ағасын іздестіру іс-шаралары жалғасуда.