Бүгін Сенатта Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы мәселелеріне арналған заң жобаларын таныстыру рәсімі өтті. Бұл заң жобаларына сенаторлар бастамашыл болды, деп хабарлайды, Egemen.kz. Сенатттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Сенат Төрағасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында елімізді экологиялық таза өнімдер нарығында жаһандық деңгейге көтеру міндеті белгіленгенін айтты. Ел Президенті де өз Жолдауында осы мәселеге назар аударғаны белгілі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, еліміздің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті және органикалық өнім өндіру мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда органикалық өнім өндіру нарығында ұзақ мерзімді өсу тренді байқалады. Сондықтан бұл саланың даму мүмкіндігі өте жоғары деуге толық негіз бар», деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Спикері өз сөзінде елімізде органикалық өнім өндіру саласы бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын айта келе, бұл бағытта өзекті түйткілдер бар екенін тілге тиек етті. Оның ішінде заңнамалық реттеу мәселесінің маңызы зор. Сондықтан сенаторлар осы саладағы заңдарды жетілдіру үшін бірқатар заң жобаларына бастамашылдық жасады.
Соған сәйкес, «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына жаңашылдықтар енгізу көзделіп отыр.
Жаңа нормалардың бәрі органикалық өнім өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға және осындай өнімдерді тұтынушы азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыруға арналған.
Атап айтқанда, мемлекетке өтпелі кезеңнің шығыстарын субсидиялау ұсынылады. Өйткені ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер бірнеше жыл бойы өнім ала алмауы мүмкін. Соған сәйкес өтпелі кезеңге тап болып, бос қалған ауыл шаруашылығы жерлерінен пайда да көре алмайды.
Заң жобасын талқылау барысында сенатор Ақылбек Күрішбаев тағы бір жаңашылдыққа тоқталып өтті. Ол – органикалық өнімді міндетті сертификаттаудан бас тарту. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, соңғы дайын өнім емес, тек органикалық өнімді өндіру үдерісі ғана сертификатталады. Мұндай шара өнім өндірудің өзіндік құнын төмендетеді және шаруаларды қосымша қаржылық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өнімді, әсіресе, ішкі нарықта қолжетімді бағамен өткізуге жол ашылады.
Заң жобаларын талқылауға Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, аграрлық сектор мамандары, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының Қазақстандағы өкілі, Қазақстанда органикалық өнім өндірушілер одағының, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығының, «Қазақстан-Германия агросаяси диалогы» жобасының өкілдері және тағы басқа осы саладағы сарапшылар қатысты.
Іс-шара соңында Сенат Төрағасы талқылау барысында айтылған пікірлер мен ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетінін және заң жобаларын жыл соңына дейін Парламент қарауына енгізу қажет екенін айтты.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар