«27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 27 қазанда түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді. 28 қазанда түнде желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с жетеді. Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
27 қазанда Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың батысында тұман түсуі мүмкін.
27 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.
27 қазанда күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.
27 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, және орталығында тұман түсуі мүмкін», делінген хабарламада.