«Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады, облыстың батысы, оңтүстік-шығысы жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді», делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Солтүстік Казақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсіп, түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс, солтсүтік-батыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.