Аймақтар • 27 Қазан, 2021

Жамбыл облысында 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл полицейлері автокөлік жолдарын күтіп ұстамаған 190 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті.

Жыл сайын 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясының қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп, автомобиль жолдарына кешенді күзгі тексеру жүргізеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы ПД ӘПБ қызметкерлері ағымдағы жылдың 7-20 қазан аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы және «Қазақавтодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағын қамтитын облыстық (1941,93 шқ) және республикалық (1196 шқ) маңызы бар автомобиль жолдары кешенді тексерілді.

«Тексеру барысында облыстық маңызы бар жолдарда 639 кемшілік, республикалық маңызы бар жолдарда 762 кемшілік – жол белгілерінің болмауы және стандарт талаптарына сәйкес келмеуі, асфальтбетон жабынының бұзылулары, шұңқырлықтар анықталды. Күзгі кешенді тексеріс қорытындысы бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына анықталған кемшіліктерді жою бойынша 37 жазбаша нұсқама, ал «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына 12 нұсқама берілді», деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Жайдарбек Құттыбаев.

Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп-ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін аталған жолдарға жауапты мердігер ұйымдардың 12 лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы жылдың тоғыз айында жалпы облыс бойынша жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігі және өткізу қабілетін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен әртүрлі деңгейдегі жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, қолданыстағы көшелерді кеңейту, тосқауыл қоршауын орната отырып, магистральдық көшелерді бөлу жолақтарымен жайластыру мәселелері пысықталуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.