Қазақстан • 27 Қазан, 2021

Жануарларды асырау шартын бұзғандарға айыппұл салынады

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитарлық нормаларды сақтамайтын және көршілерге қолайсыздық тудыратын үй жануарларының иелеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жануарларды асырау шартын бұзғандарға айыппұл салынады

Көп пәтерлі үйлерде мысықтар мен иттерді ұстау шарттары туралы мәселені депутат Гүлдар Нұрымова көтерді.

«Адамдар бір пәтерде мысықтар мен иттердің көп мөлшерін ұстайтын көршілеріне шағымданады. Бұл фактілер үлкен проблемалар туғызады. Бұл жағымсыз иіс, шу, жүннің көп мөлшері және жалпы үй аумағында санитарлық нормалардың бұзылуы. Бұл мәселені шешу қажет пе?», деп сұрады мәжілісмен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын талқылау кезінде.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев сұраққа жауап бере отырып, мұндай үй жануарларының иелеріне айыппұл салынатынын айтты.

«Көрші пәтерде 20-30 мысық пен ит ұсталатын жағдайлар бар. Бұл үйдің қалған тұрғындары үшін белгілі бір қолайсыздықты тудыратыны түсінікті. Сондықтан үй жануарларының иесі санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға міндетті. Оларды бұзған жағдайда 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (29 170 - 58 340 теңге). Біз бұл норманы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте қарастырдық», деп түсіндірді Экология министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, бірінші бұзушылық кезінде айыппұл сомасы 10 АЕК, екінші рет - 20 АЕК-ті құрайтын болады.