06 Мамыр, 2010

БІЗ ОСЫ КӨШЕДЕ ТҰРАМЫЗ

618 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алмағайып тарих тол­қы­нында ғасыр бойы хал­қы­мен қоса жасасып, ел ше­жіресін қаттаған “Еге­мен Қазақстан” га­зетінің 90 жылдық торқалы тойы өткен жылы кең кө­лем­де аталып өтті. Ел газетінің айтулы мерекесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, Астана қала­сын­да бой көтерген басылымның жаңа ғимараты­ның тұсауын кесті. Міне, осы бір мерейлі мереке күндерінде Астана қала­сы­ның әкімдігі мен қалалық мәслихаты ұлттық басылымның байрағын асқақ­татып, Алматы ауданындағы бұрынғы М.Ло­моносов атындағы көшеге “Егемен Қазақстан” га­зеті” кө­шесі деген атау беріп, арнайы шешім қабылдады. Га­зетімізге деген осындай шынайы құрмет үшін Астана қаласының әкіміне, қалалық мәслихаттың депутаттарына, қалалық Ономастика комиссия­сы­на, бұрынғы М.Ло­мо­носов атындағы көшенің тұрғындарына алғыс білдіреміз. Солай бола тұрса да, бүгінде редакциямызға күн құр­ғат­пай оқыр­ман­дардан түсіп жататын хат-хабар­лардың ба­сым көп­шілігі ескі мекен-жай бой­ынша ке­леді. Әрине, жаңа атаудың тез де жылдам сіңісті болып кетуі үшін уақыт та керек шығар. Деген­мен, газетіміздің жан­ашырлары мен жалпы оқырман қауымның жаңа мекен-жайды білгені-ақ дұрыс. Осыған байланысты редакция­мыздың бүгінгі мекен-жайы: 010008. Астана қаласы, “Егемен Қазақстан” газеті” көшесі, 5/13 екендігін оқырмандарымыздың есіне саламыз. Сөз орайы келгенде еске са­лар тағы бір жәйт, көше атауы өз­гер­генімен, редакция ғимараты­ның қос бетіндегі, Абай даңғы­лын­дағы (М.Ломоносов), Кенеса­ры көшесіндегі (Жуковка) атты аял­дамалардың атаулары әлі өз­гер­ген жоқ. Бұл “Егемен Қазақ­стан” газеті редакциясының ме­кен-жайын іздейтін жұртшылық­қа айтарлықтай қиындықтар ту­дыруда. Алдағы уақытта қала әкім­дігі және қалалық жолау­шы­лар тасымалдау департаменті бұл мәселені ескерер деген сенімдеміз. Автобус жүргізушілері: “Келесі аялдама — “Егемен Қазақстан”, деп хабарлап жатса қандай жарасымды!
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін қалай оқытамыз?

Қоғам • Бүгін, 09:05

Тыңғылықты жұмыс

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қызметі тегін емхана

Алматы • Бүгін, 08:55