Қазақстан • 27 Қазан, 2021

Энергетика министрлігі авиаотын тапшылығына қатысты түсінік берді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігі авиаотын тапшылығына қатысты түсінік берді

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі қыркүйек айының басында әуежайлар мен авиакомпанияларға ПМХЗ-да жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы хабарлағанын атап өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы бойынша жағдайды шешу үшін келесі шаралар қабылданды: қазан айында МӨЗ-де қосымша 2000 тонна авиаотын шығарылады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы үшін қосымша бөлінеді. Ірі өнім берушілер қарашаға арналған көлемдерге жедел қол жеткізіп, МӨЗ-дан жөнелтуді жеделдетеді. Сондай-ақ ірі жеткізушілердің бірі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қосымша 700 тонна авиаотын жеткізеді», деп түсіндірді ведомствода.

Сонымен қатар ведомство әуежайлар көлемді тек ірі ғана емес, шағын жеткізушілерден де коммерциялық баға бойынша сатып алу қажеттігін атап өтті.

Бұған дейін елорда әуежайының үздіксіз жұмыс істеуі қауіп төндіретіні туралы хабарланған болатын.

Бүгінгі таңда елордалық әуежайда тұрақты жолаушылар рейстері үшін де авиакомпанияларды авиакеросинмен үздіксіз қамтамасыз етудің бұзылуы байқалады.