Спорт • 28 Қазан, 2021

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денис Теннің досы Сергей Воронов мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

«Қазақстанда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл үлкен жауапкершілік, сондықтан мен осында болғаныма өте қуаныштымын», деді ол.

Сергей Воронов – 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 2014/2015 жылғы маусымдағы Гран-при финалының қола жүлдегері, 2015 жылғы командалық Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ресейдің екі дүркін чемпионы (2008, 2009). 2017 жылғы NHK Trophy Гран-при сериясындағы турнирдің жеңімпазы. «Челленджер» сериясындағы турнирлердің жеңімпазы: Финляндия трофейі (2014) және Непела мемориалы (2016).

Сергей Воронов 1987 жылы 3 қазанда Мәскеуде дүниеге келген. Мәнерлеп сырғанаумен 1991 жылы айналыса бастаған. Рафаэль Арутюнянның басшылығымен жаттықты. 

Мансабын бір жыл бұрын аяқтаған.