Қазақстан • 28 Қазан, 2021

Мұнай өңдеу зауыттары қосымша 2 мың тонна авиаотын өндіреді

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық мұнай өңдеу зауыттарында 6,9 мың тонна авиаотын қоры бар, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай өңдеу зауыттары қосымша 2 мың тонна авиаотын өндіреді

«ҚазМұнайГаз» авиаотын өндірудің қазан айындағы жоспары толық орындалғанын жеткізді.

«Осы жылдың қазан айында отандық мұнай өңдеу зауыттары авиаотын өндіру жоспарын толық орындауда. Қазанның 28-і күнгі жағдай бойынша Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының көрсеткіші 36,2 мың тонна. ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасын ескеріп, отандық мұнай өңдеу зауыттары осы айдың соңына дейін қосымша 2 мың тонна авиаотын өндіреді. Жалпы осы айда Атырау, Шымкент және Павлодар зауыттарынан барлығы 42,4 мың тонна авиаотын жөнелтілді», делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, қазіргі уақытта отандық мұнай өңдеу зауыттарында 6,9 мың тонна авиаотын қоры бар.