Спорт • 28 Қазан, 2021

ҚХЛ: «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді

Кездесу барысында қазақстандық команда сенімді ойын көрсетті. Шабуыл шебінде көбірек қимылдап, гол соғу мүмкіндігін іздеді. Алғашқы кезеңде Дмитрий Гурков 11-минутта «Барысты» алға шығарды. Одан кейін 29-минутта Якоб Бертлунд есепті үстемелей түсті.

Ал 32-минутта Даррен Диц мергендік танытты. Осылайша алғашқы екі кезеңде елордалық хоккейшілер қарсыласын үш гол айырмасымен жеңіп тұрды.

Үшінші кезеңде «Адмирал» сапынан Джош Кестнер 41-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Келесі кезекте елордалық Дінмұхамед Қайыржан 55-минутта басымдықты арттыра түсті. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» 30 қазанда Ресейде «Амур» командасымен кездеседі.