Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының қауіптілігі жөнінен «сары» аймақта тұр. Өңірде жыл басынан бері 29 515 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді. Яғни 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 4 468,3 құрады.

Соңғы аптада – қазанның 20-сы мен 27-сі аралығында облыс аумағында 307 адам Covid-пен ауырған. Аурушаңдық деңгейі осының алдындағы аптамен салыстырғанда 4,6%-ға төмендегені байқалды. Қазанның 13-19 аралығында 322 сырқат тіркелген болатын.
Жалпы, қазан айының басынан бері облыста 1 264 адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың ішінде 704 адам ЖРВИ белгілеріне шағымданып, дәрігерге қаралғанда анықталса, олармен қарым-қатынаста болған 326 адамды медицина қызметкерлері өздері анықтап, тіркеуге алған. Профилактикалық мақсатта тексерілген 222 адам, эпидемиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 12 адам да осы диагнозбен дәрігер бақылауына алынды.
«Коронавирус көбіне 41-60 жас аралығындағы науқастар арасында кездеседі» дейді облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының баспасөз хатшысы Әдемі Ғибратқызы.
Соңғы күндері Ресей Федерациясы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша әлемде алдыңғы орында тұр. Ресейдің бес губерниясымен шектесетін Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік шекарадан әрі-бері өтетін жолаушыларды қатаң бақылауға алған болатын. 1 қазаннан бері облыс аумағына мемлекеттік шекарадан COVID-19 анықтамасынсыз 1 008 жолаушы өткен. Олардан ПТР әдісімен COVID-19-ға тест алынған кезде, 2 адамның тест нәтижесі қауіпті вирус бар екенін көрсеткен. Екі ел арасында халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 1 825 жүргізуші де осындай тексеруден өтіп, 3 адамда вирус анықталған.
2021 жылғы 1 қазаннан бері Батыс Қазақстан облысында санитарлық-карантиндік режімді бұзған 103 азамат Ashyq қосымшасын пайдалану нәтижесінде белгілі болды. Атап айтқанда, 87 адам «қызыл» мәртебесімен, 16 адам «сары» мәртебесімен көшеде қыдырып, өзгелерді қауіп-қатерге қалдырған. Осындай заң бұзушылықтар бойынша 2021 жылдың 10 маусымынан бері өңірде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 145 хаттама толтырылып, 6 315 305 теңгеге айыппұл салынған.
Вакциналау коронавирустың және тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі екенін дәрігерлер көптен айтып келеді. Батыс Қазақстан облысында жыл сайын тұрғындардың 10%-дан астамы тұмауға қарсы екпе алады. Биылғы 15 қыркүйектен бері облыста тұмауға қарсы жоспарлы вакциналау жүргізіліп жатыр. Жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 68 мың дозасы сатып алынған. Қазірдің өзінде тұмауға қарсы 46 148 адам екпе алды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 6 364 бала, 39 784 ересек адам бар.
Батыс Қазақстан облысы
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:25
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 11:15
Ұлытауға қыркүйектен бастап «Тальго» пойызы қатынайды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Теннис • Бүгін, 10:57
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар