Осыған дейін облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде жүрген мониторингтік топ мүшелерін бірде-бір рет байқамаппыз. Оларды шағын дүкендерден де ешқашан көрмейсіз. Қоғамдық көлік демекші, қазір облыс орталығында бұрынғыдай автобустарды ұзақ күту басталды, бір автобус келсе жолаушылар лық толады.

Ал індет қайдан тарайды дейміз? Қоғамдық көліктерде күрк-күрк жөтелгендерге сезіктене әрі қорқып қарайсыз. Жүргізушілер де бетпердесіз. Бақылау да, тексеру де жоқ деуге болар.Тіпті зарарсыздандыратын сұйықтықсыз бос қалған құтылар әбден ескіріп, ішке кіре берер жерде ілініп тұрады.
Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің өкілі Ғизат Әбішевтің мәліметінше, өңірдегі эпидемиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Қазірге дейін облыста коронавирусты жұқтырудың 50 844 мың жағдайы тіркелді. Олардың 41 530-ы симптомды, 9 314-і – симптомсыз. Осыған орай енді Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін нысандардың жұмысына өзгеріс енгізілуде.
– 29 қазаннан бастап 12 қарашаға дейін Ashyq арқылы жұмыс істейтін нысандарға жұмыс күндері тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады, – дейді Ғизат Әбішев. – Жеті күннен аспаған ПТР-тестінің нәтижесі теріс және вакциналаудан өткендер өте алады.
Бұдан бөлек, ауыл-қала тұрғындарының карантиндік режімді жиі бұзуы алаңдатуда. Шектеулерге қарамастан сауда үйлеріне, дәмханаларға, Ashyq бағдарламасы орнатылған орындарға баруда. Мысалы, департамент өкілі ұсынған 26 қазандағы мәліметке сай, өңірдегі 337 нысанға 2 мыңға жуық тұрғын, «қызыл» тіркеуіндегі
1 400, «сары» белгісіндегі 600-дей тұрғын жіберілген жоқ.
Қазір барлық қалалар мен аудандарда 24 мониторингтік топ жұмыс істейді. Екібастұз қаласында 10 айдың ішінде карантиндік талаптарды бұзған 96 адам анықталған. Осы қазан айында 85 рейд жүргізіліп, 279 бизнес нысанына карантин талаптарын сақтап, індет таратпау жайындағы түсініктемелер тапсырылған. Қалада 1 236 бизнес нысаны Ashyq жүйесіне тіркелген. Сондықтан, өңірде бас санитар дәрігердің шешімімен жаңа талаптар енгізілді. Яғни эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығы, індет жұқтырған науқастардың көбеюі жаңа талаптар қабылдауға мәжбүр еткені белгілі. Енді 29 қазан мен 12 қараша аралығында Ashyq жобасына қатысушы нысандардың күнделікті жұмысына толықтырулармен бірге, өзгерістер де енгізіледі.
Бүгінде облыс көлемінде 6 830 әлеуметтік және бизнес нысаны Ashyq бойынша жұмыс істейді. Жалпы есеп бойынша «қызыл» статусы бар 2 мың адам Ashyq бойынша кері қайтарылған. Ashyq жобасын бұзушылар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында анықталған. Өңір бойынша, 18 мамыр мен 26 қазан аралығында мониторингтік топтар 3 274 нысанның 114-іне шектеу шараларын бұзу фактісін анықтады. Олардың барлығы Ashyq жобасының қатысушылары болған. Жалпы, жобаға 2,5 мыңға жуық қатысушы анықталды, олардың 467-сі мемлекеттік мекемелер. Мониторингтік топтардың мүшелері Ashyq жобасының қатысушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тәртіп бұзушыларға әкімшілік құқық бұзу жөніндегі заң талаптары бойынша құны 8 млн теңгеден астам 63 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылса, қалғаны сотқа жолданған.
Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қазан айының соңғы күндері өңірде індет жұқтырған 49 331 науқас тіркелсе, 27 035 науқас облыс орталығының тұрғындары. Эпидемиологтердің бағалауынша, індет инфекциясы бойынша өңірде жағдай әлі тұрақсыз.
Павлодар облысы
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар