Өнер • 04 Мамыр, 2025

«Sensitive» би театры Қытайдан үш гран при олжалады

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Тяньцзин қаласында жуырда болған 2-ші халықаралық конкурс-фестивальде Петропавлдың «Sensitive» би театрының артистері тағы да үздік шықты. Конкурсқа Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария, Ресей елдерінен 700-ден артық өнер ұжымдары қатысқан. Солардың арасында Қазақстаннан барған жалғыз ұжым осындай жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Sensitive» би театры Қытайдан үш гран при олжалады

«Sensitive» туралы «Егеменге» бұрын бірнеше рет жазғанбыз. Театр құрамындағы өнерпаздардың есту қабілеті кем жандар. Петропавлда осындай жандарды оқытатын мектеп-интернат бар, өнерпаздар сол мектептің түлектері. Олар бұрын да бірнеше халықаралық конкурстарға қатысып, жеңімпаз болған. 

Театрдың жетекшісі Ольга Ростовщикова  былтыр «Құрмет» орденімен марапатталған. Осы конкурста оның қойылымындағы «Аманат» биі «Халықтық стиль» номинациясы бойынша бас бәйгені алды. Музыканы құлағымен емес денесімен сезінетін, жүрегімен еститін жандар басқа екі Гран-приді де оның басқаруымен иеленді.

Петропавл

Соңғы жаңалықтар

Ерекше маркетинг

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Дросте эффектісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Жарнама құдіреті

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Көпжылдық өсімдіктің жаңа түрі

Талбесік • Бүгін, 08:10

Той тәрбие мектебі ме?

Қоғам • Бүгін, 08:05

Есімі ұмытылған комиссар

Тұлға • Бүгін, 08:00