Солтүстік Қазақстан облысында соңғы төрт жылда ғана барлық ауруханалардың құрал-жабдықтарын ауыстыруға 13 млрд теңге бағытталды. Соның нәтижесінде, көптеген аурухана науқастың диагнозын дұрыс қоюға қол жеткізуде. Әсіресе облыс орталығындағы ауруханаларға озық үлгідегі заманауи жабдықтар жеткізіліп, қазір дұрыс диагнозды анықтау үшін халық Ресейдің Омбы қаласына немесе Нұр-Сұлтанға сабылуды азайтты. Алдағы уақытта облыс орталығында қосымша екі емхана тұрғызылмақ. Ал ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысан салынбақ.

Денсаулық сақтау саласына осынша көңіл бөлініп отырғанымен жаман індетті ауыздықтауға ешкімнің әлі келмеуде. Осы күндері Қызылжар өңірі індеттен оңала алмай тұр. Соңғы апталарда сырқатқа ұшырағандардың саны тәулік сайын артуда. Тіпті тұмаумен ауырғандар саны да 1,5 есе артып отыр. 25 қазаннан бері облыста карантиндік шектеу шаралары күшейді. «Алдымыздағы 7-10 күн аралығында жағдайды бақылап көреміз. Егер тұрақтану болмаса шектеу шараларын одан әрі қатаңдатуға тура келеді. Жоспарлы емдеуді тоқтата тұрып, жаман індетпен науқастанғандар үшін қосымша төсектер дайындайтын шығармыз», деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Қазір сырқатқа ұшырағандар арасында егде тартқан адамдар көп. Барлық науқастың 80 пайызы солардың үлесінде. «Халық арасында созылмалы дерті бар адамдарға вакцина егуге болмайды деген түсінік бар. Алайда осының өзі біреулердің ойдан шығарғаны сияқты. Өйткені кейбір созылмалы дерті бар адамдар да вакцина ектіріп, аман-сау жүр», деді әкім.
Солтүстік Қазақстанда індет жұқтырғандардың жалпы саны 30 мың адамға жақындап қалды. Бұрын Ресей Федерациясымен шекаралас аудандардағы ахуал күрделі болатын. Қазір басқа елдермен аумақтық шекарасы ортақ емес, облыстың орталық аудандарындағы науқастар санының артуы алаңдатады. Мысалы, соңғы екі аптадағы науқастар санының өсімі алдындағы 2 аптамен салыстырғанда Жамбыл ауданында 111-ден 187-ге дейін, Есіл ауданында 72-ден 123-ке дейін, Аққайың ауданында 46-дан 117-ге дейін артып отыр. Осының өзінен індеттің таралу ошағы кез келген жерден табылатынын көрсетуде. «Науқас бізге шекараның сыртынан ғана келеді» деген секілді пікірлердің ұшқары екендігі де көрініп тұр. Сондықтан сақтық шараларын салақсытпай, жаппай жүргізу керек-ақ.
Бүгінгі таңдағы вакцина ектіру қарқынының азаюы, тұрғындардың сақтық шараларын ұстануының төмендеуі, әсіресе салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде аурудың өсуіне әкелуде. Мониторингтік топтардың жұмысы да бәлендей тиімділік көрсетіп тұрған жоқ. Қазан айы басталғаннан бері 23 адамнан тұратын мониторингтік топтар 680 нысанды қамти отырып, 120 рейд жүргізген. 948 мың теңгеге 15 тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Бірақ іс жүзінде салтанатты шараларды өткізушілер бұдан әлдеқайда көп екендігі көрініп тұр. Дәстүрлі түрде той айлары деп есептелетін қазан-қараша айларындағы көп адам қатысатын той-томалақ азайған жоқ.
Егер апталық науқастанушылар саны 200-ден асатын болса, облыс тіпті «қою-қызыл» аймаққа көшу қаупі бар. Ондайда азық-түлік өнімдерін шығаратындардан басқа барлық кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға тура келеді. Ал бұл дегеніміз – экономикаға айтарлықтай залал. Қазірдің өзінде облыста барлық отбасылық салтанаттар, соның ішінде үйлену тойларын өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер жасауға рұқсат жоқ. Адамдар сақтану шараларын дұрыс жасап, шектеулерді бұзбаса ғана жаман індетті құрықтауға болатынын өмір көрсетіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар