«Цифрлы трансформация және өмірдің жаңа сапасы» – таяуда өткен Open Mind ашық инновациялар форумының негізгі арқауы. Аталған жиын пандемия жағдайындағы тың технологиялардың дамуына арналды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен қолға алынған форумда Үкімет мүшелері, корпоративтік сектор мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сол секілді цифрлы сервистерді әзірлеушілер мен IT компаниялардың басшылары цифрлы технологияларға байланысты өзекті мәселелер талқылап, пікір алмасты.
«Карантиндік шектеулер цифрландыру үдерісінің тез дамуына ықпал еткеніне куә болдық. Кез келген дағдарыс секілді пандемия да адамзатқа сын-қатерді ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге де жол ашты. Ашық инновациялар форматы жеделдетілген цифрлы трансформация сынды өзекті үрдіске айналды.
Цифрландыру мен ашық инновациялар саласында белгілі қауіп-қатерлер де бар екенін түсінеміз. Қазір кәсіби ортада киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау мәселелері жиі айтылады. Электронды коммуникация саласындағы соңғы оқиғалар мұның қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ашық инновациялар қоғамдық, мемлекеттік және корпоративтік институттар тиісті деңгейде дамыған кезде ғана тиімді екенін байқата алады», деген Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы аталған қордың директоры Дариға Назарбаеваның баяндамасын жеткізді.
Спикерлер өткізіліп отырған форум Қазақстанның цифрлы жүйесін дамытып, тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін құралдарды анықтауға ықпал ететініне сенімді. «Цифрлы трансформация қоғамның барлық саласында өте маңызды. Қазақстан бұл бағытта жақсы табысқа қол жеткізеді деп сенемін. RoboCup конфедерациясының жарысына қазақстандық студенттер көп қатысады. RoboCup – университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және өнеркәсіптің дамуына қомақты үлес қосатын таланттардың нағыз инкубаторы», деді RoboCup Азия-Тынық мұхиты халықаралық конфедерациясының (RCAP) президенті Чанцзю Чжоу.
Халықаралық сарапшы еліміздің IT-технологияларды дамытып, енгізуге қатысты жұмыстарын оң бағалады.
Форумның алғашқы күні мамандар «Ашық инновациялар және жаңа цифрлы шындықтың сын-қатерлері», «Цифрландыру және құқық: жаңа сын-қатерлер», сондай-ақ «GovTech және DigitEl: бұл не және не үшін керек?» сынды қызықты тақырыптарда пікір алмасты. Сонымен қоса бұл жиында қазақстандық стартаптардың шетелдік нарыққа шығуы, ІТ-аутсорсингті дамыту және отандық университеттердің жаңа технологиялық жобаларды дайындауға қатысу мүмкіндіктері пысықталды.
Бұдан бөлек, KazRoboProject-2021 роботтехника байқауы мен Smart Zholy жобасының жеңімпаздары анықталады. Жыл сайын роботтехника біріншілігі (10 жастан 21 жасқа дейінгі жастар арасында өткізіледі) еліміздің барлық өңірінен ондаған жас өнертапқыштың есімін жариялайды. Smart Zholy бағдарламасы болашағы зор IT-стартаптарды қолдап, үздіктерін халықаралық деңгейге шығаруға бағытталған. Бағдарлама жеңімпаздары бірнеше жыл қатарынан Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі стартап алаңында жобаларын ұсынғанын айта кеткен орынды.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар