«Астана LRT» экс-басшысы Талғат Ардан Түркиядан іздестірілуде. Бұл туралы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарияланған құжатқа сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауы бойынша іздестіріліп жатқан Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке ҚР ІІМ Интерпол арналары бойынша халықаралық іздестіру жарияланды.
«Талғат Арданның Түрік Республикасының аумағында болуы туралы қолда бар ақпаратқа байланысты аталған құзыретті органдарға оны мемлекетке беру туралы сұрау жіберілді. 15 сәуірде Түркияның Интерполынан Стамбул қаласы Бакыркей ауданының қылмыстық соты ұстап беру туралы сұрау салу негізінде Ардан Талғатты қамауға алу туралы қаулы шығарғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазіргі уақытта іздестірілушіні Түркия аумағында анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», делінген жауапта.
Сонымен қатар, хабарламада Қанат Сұлтанбековты іздеу туралы да айтылған.
«Сондай-ақ, Сұлтанбековтің АҚШ аумағында болуына байланысты АҚШ әділет Министрлігіне оны Қазақстанға тапсыру туралы сұрау жіберілді. Сауал америкалық тараптың қарауында жатыр», деді Ғизат Нұрдәулетов.
Еске сала кетсек, тергеу барысында анықталған залал сомасы 5,8 миллиард теңгені құрады.
«Тергеу барысында іс бойынша 45 млн теңге өтелді. Өткізілген іс-шараларда бағалау құны 3,08 млрд теңге болатын Қ. Сұлтанбековтың атына тіркелген мүлік анықталды. Аталған мүлікке тергеу сотының 22.01.2020 жылғы қаулысы бойынша тыйым салынды. Ал Т. Арданда тыйым салынатын және тәркіленетін мүлік табылған жоқ», делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, аталған тұлғалар мен олардың жақындарынан, оның ішінде басқа елдерден қандай да бір активтер табылған жоқ.
Еске сала кетсек, 2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтанда «Астана LRT»-дегі ұрлық туралы іске нүкте қойылды.
«Астана LRT» компаниясымен жұмыс істеген жеті экс-шенеунік пен компания қызметкерлері 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Ал «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасарына халықаралық іздеу жарияланды.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар