Аймақтар • 29 Қазан, 2021

Ақтау әкімі: Дұрыстасын, егер жасалмаса - біз төлемейміз

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай бюджеттен 15 миллион теңге белгіленген «Гүл алқабы» инсталляциясы әдемі көрінбейді деген пікірмен келісті. Мердігерге мәселені шешу немесе инсталляцияны алып тастау ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау әкімі: Дұрыстасын, егер жасалмаса - біз төлемейміз

Брифинг барысында Ақтау қаласының басшысы Нұрдәулет Қилыбай ұсынылған эскизде «Гүл алқабы» инсталляциясы жақсырақ көрінгенін айтты. Ол қазіргі кезеңде мердігер жұмысы әлі қабылданбағынын және ақысы төленбегенін жеткізді.

«Бізге мүлдем басқа эскиз көрсетілді. Онда бәрі әдемі еді. Дұрыстасын, егер жасалмаса, бұл - олардың шығыны, олардың проблемасы, біз төлемейміз, бізде ешқандай міндеттеме жоқ. Бұл жұмыс әлі қабылданбады, ақшасы төленбеді... Таңертең көрдім, әдемі көрінбейді, сізбен келісемін», деді Ақтау әкімі.

Әкімнің айтуынша, қалған нысандар көпшілік көңілінен шығып, жастар «Жұлдызды аспан» инсталляциясында суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр.
 
«Өзіңіз елестетіп көріңізші, бір әткеншекке он бала отырды, әрине, сындырады. Немесе балаларға әткеншек қояды, ал оны үлкендер тебеді. Бұлай істейтіндерді түсінбеймін», дейді Нұрдәулет Қилыбай.