06 Мамыр, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұ­қа­шевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. С.Мұқашев Президентті республикалық қоғамдық ұйымның ағымдағы жұмысы, Қа­зақ­стандағы жаңа еңбек қатынастарының ор­нығу үдерісі, биылғы жылы жазға жоспар­лан­ған Кәсіподақтар федерациясының кезек­ті съезіне және есеп беру жиналысына дай­ын­­дық жасау барысы туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында ағымдағы жылы ҚКФ-ның құрылғанына 20 жыл толатыны атап өтілді. Осы уақыт аралығында кәсіп­одақ­тарға мемлекет және Президент тарапынан қолдау көрсетіліп келді. Мысалы, 2008 жылы Жез­қазғанда өткен бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі жөніндегі республикалық фо­румда Мемлекет басшысы “Ұжымдық шарт жа­сасаңыздар!” атты жалпыреспубликалық акция туралы бастама көтерді. Осының арқа­сында 2009 жылы мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс берушілер мен кәсіп­одақтар арасында 8 мыңнан астам меморан­думға қол қойылды. Соның нәтижесінде, жұ­мыс орындарын қысқартуға және жұмыс­шылардың еңбекақыларын азайтуға жол берілген жоқ. – Президент Қазақстанда кәсіподақтар қозғалысын дамытудың негізгі бағыттарын мақұл­дады. Мемлекет басшысының қолдауы­ның арқасында біз Қазақстандағы әлеуметтік әріптестік мәселесін шештік, – деді С.Мұқашев. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовті қабыл­дады, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығын дамыту мәселелері, сондай-ақ биылғы жылы сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің жұмысының қорытындылары талқыланды.