Оқиға • 01 Қараша, 2021

Ақ үй баспасөз хатшысы Джо Байденге жақындаудан қалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ үй қызметкері отбасы мүшесінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джо Байденге жақындаудан қалды

Баспасөз хатшысы Джен Псаки сәрсенбіден бері АҚШ президенті Джо Байденмен және әкімшілік шенеуніктермен байланысқан жоқ. Сондай-ақ G20 саммитіне делегациямен бірге келмеді.

«Сәрсенбіде отбасымның бір мүшесінен коронавирус белгілері байқалғандықтан, Президентпен шетелге сапарға бармауды ұйғардым. Сол күннен бастап оқшауландым және күн сайын тест тапсырдым. Қалай болғанда да, бүгін коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже берді», деді Псаки журналистік пул арқылы таратқан мәлімдемесінде. 

Ол президентті соңғы рет сейсенбі күні екі метр қашықтықта бетпердемен көргенін айтты.