07 Мамыр, 2010

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП АРАСЫ

561 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
6 күнде 121 құқық бұзушы, 500 жайсыз отбасы мен балалар есепке алынды Облыста қолға алынған “От­басы және мектеп” іс-шара­сының негізгі мақсаты – қоғамға зиянды бағыттағы жасөспірімдер тобын анықтау. Өйткені, бүгінде кәмелет­ке толмағандардың құқық бұзушы­лығы, есірткіге тәуелділігі белең алып отырғаны жалған емес. Бала­лардың қараусыз қалуы мен оларға ата-аналары мен ересектер тара­пы­­нан қатыгездік таныту, қыл­мыс­ты істерге тарту деректері де бар. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, “Нұр Отан” ХДП жастар қанаты­ның филиалдары және кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссия қатысты. Операцияның алты күні ішінде полиция бөлімшелеріне әртүрлі құқық бұзған 918 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Олардың сабақтан жалтарғандары – 134, компьютерлік клубтарда жүрген­дері – 55, қараусыз қалғандары – 137. Сондай-ақ, әкімшілік жауап­керші­лікке 175 ересек тұлға тартылды. Олардың ішінде ұл-қыздарына тәрбие беру парыз­дарына немқұрай­ды қараған – 120 ата-ана бар. Түнгі уақытта жасөспірімдердің көңіл көтеру орындарында жүруіне жол берген кафе, клубтардың 13 қызмет­керлері де құқық қорғаушылар назарынан тыс қалған жоқ. Кәмелетке толмағандар ісі жө­ніндегі қызметкерлер жас­өспірім­дерге темекі өнімдерін сатқан 22 сатушы, түнгі уақытта балалардың көңіл көтеру орын­дарында жүруіне жол берген 19 ата-ана мен Жам­был ауда­нының Аса ауылында жасөс­пі­рім­дерді спирттік ішімдікті қол­дануға итермелеген 1 деректі анық­тады. Жалпы, операция бары­сында 337 кәмелетке тол­маған мен 146 жайсыз отбасы есепке қойылды, құқықтық тақырыпта 1500-ден астам іс-шаралар мен лекциялар өткізілді. Қалалық №1 полиция бөлімі­нің кәмелетке жасы тол­мағандар ісі жөніндегі инспек­циясының қыз­меткері, полиция капитаны С. Ташланова Тараз қаласының 4-шағын ауданындағы үйлердің бірінен тастанды балаға тап болған. Анықтай келе, бейтаныс әйел сол үйдегі егде апайға бірер минөттен кейін келіп алып кетемін деп 1,5 жасар қызды ұстатып, ізін жасырыпты. Тараз қаласындағы №41 мектеп-гимназияның инспекторы, поли­ция аға лейтенанты М.Бай­ғұбекова “Болашаққа есірткісіз және зиянды әдетсіз!” іс-шара­сына қатысқан оқушылардың тағылымы зор ғибрат алғанына қуанады. Сол күні мектеп-гимна­зияның аула­сында оқушылар, ата-аналар, ұстаздар мен қала қонақ­тары жиналған. Атты әскер мен кино­лог полицейлер жан-жануар­ларды үйретудегі өз шеберліктерін көр­сет­кен. Есірткімен күрес және қоғам­дық тәртіпті сақтауда қыз­мет­тік иттер мен аттарды пайда­лану ерекшеліктері де оқушы­лардың қызығушылығын оятқан. – Жыл басынан бері 30 ата-ана құқығынан айырылды. Алдын алу жұмысы нәтижесінде жас­өспірімдер қылмысы 14 пайызға азайды, – дейді полиция қызметкерлері. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.