Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Мамандандырылған ХҚКО-лар жүргізуші куәліктерін заңсыз берген

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай және Ақмола облыстарында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің теориялық емтихандарын заңсыз өткізген, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандандырылған ХҚКО-лар жүргізуші куәліктерін заңсыз берген

«Жүргізуші куәлігінен үмітті азаматтардың орнына емтиханды арнайы дайындалған тұлғалар тапсырып отырған. Мысалы, Ақмола облысында арнайы дайындалған адамдар емтихан компьютерлеріне қашықтан қол жеткізіп, бөгде азамттардың атынан жауап беріп отырған. Ал Қостанай облысында арнайы дайындалған адамдар медициналық маска мен бас киімнің көмегімен бет әлпетін тұмшалау арқылы емтиханға өзге азаматтардың орнына кірген. Тергеу барысында 1 мыңнан астам жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілері тексеріліп, емтиханнан сәтті өткені туралы берілген жалған анықтамалар қайтарылды», деп жазды агенттіктің баспасөз қызметі.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, осындай жалған құжат арқылы жүргізуші куәлігін алған қостанайлық азамат наурыз айында жол ережесін өрескел бұзып, «Toyota Самrу» автокөлігімен соқтығысқан.

«Тергеу мәліметі бойынша, апатқа кінәлі тұрғын теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алған. Ал бұл жолы анықталған заңсыздықтарға байланысты елдегі мамандандырылған ХҚКО-ның бәрінде тексеру жүргізілетін болады», делінген ресми мәліметте.