Әлем • 02 Қараша, 2021

Кабулдағы аурухананың жанында екі жарылыс болды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 қарашада Ауғанстан астанасы Кабулдағы Сардар Мохаммад Дауд Хан әскери госпиталінің жанында екі қуатты жарылыс пен атыс дыбысы естілді, деп хабарлайды Egemen.kz ToloNews-ке сілтеме жасап.

Кабулдағы аурухананың жанында екі жарылыс болды

Ауғанстан Уақытша үкіметінің Ақпарат және мәдениет министрінің екінші орынбасары Билал Каримидің айтуынша, алғашқы жарылыс Кабулдың 10-шы ауданындағы Мұхаммед Дауд хан ауруханасына кірер алдында болған. Екінші жарылыс ауруханаға жақын жерде болды.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Саид Гости жарылыстардың бірі ауруханаға кіре берісте болғанын растады. Оның айтуынша, ауыр зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылған. Оқиға орнына қауіпсіздік күштері келді. Жедел жәрдем машиналары жаралыларды осы аймақтағы ауруханаларға апарады. Жарылыстардың салдарынан кем дегенде тоғыз адам жарақат алып, Кабулдағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

ТАСС хабарлағандай, Мұхаммед Дауд хан атындағы аурухана 400 төсек-орынға есептелген және Ауғанстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Куәгерлердің айтуынша, оқиға миналанған көліктің жарылуы салдарынан болған.