Оның ішінде республиканың жылу электр орталықтарына 4,2 млн тонна жеткізіліп, тиеу жоспары 102,3 пайызды құрады. Еліміздің коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін 986 мың тоннадан астам қатты отын тиелсе, экспортқа 2,1 млн тонна көмір жөнелтілген. Қазан айында жалпы көмір тиелімі 7,3 млн тоннаны құраған.
Облыстардағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары жол бөлімшелерінде көмір сақталатын тұйықтарды аралап, кәсіпорындардың кірме жолдарындағы көмір қорларын бақылап, олардың иелерімен бірлесіп, стратегиялық жүкті жеткізу бойынша мәселелерді анықтайтын жедел мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Олар барлық ақпаратты жедел түрде ұлттық компанияның орталық аппаратының көмірді тасымалдау жөніндегі штабына жолдап отырады.
Қазан айының 25 күні ішінде Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей жол бөлімшелері бойынша ҚТЖ-ның мониторингтік топтары 30-дан астам коммуналдық-тұрмыстық көмір алушыларды аралаған. Мәселен, Қостанай облысына қазан айының 25 күнінде 43 мың тоннадан астам, Павлодар облысында 36 мың тоннадан астам, Қарағанды облысында 128 мың тоннадан астам коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізіліп, жоспар межеден асыра орындалған.
Жүк жөнелтуші «ВостокУгольПром» ЖШС қазан айында Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 180 мың тоннадан астам көмір тиеуді жоспарлапты. Алайда осы айдың 25 күнінде 185 мың тоннадан астам қатты отын тиеп, жоспардың орындалуы 128 пайызды құрады.
Мониторингтік топтар кірме жолдарды аралау барысында коммуналдық-тұрмыстық көмір алушыларда туындаған барлық мәселені жедел тәртіппен шешіп отырады. Бірлесіп ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде өңірлерде тұрғындардың көмір сатып алуына қатысты айтарлықтай проблемалар анықталмаған.