Экономика • 03 Қараша, 2021

Қазақстандықтар 3,4 миллиард теңге мүлік салығын төлемеген

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) мүлік салығын төлемеген қазақстандықтарға ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандықтар 3,4 миллиард теңге мүлік салығын төлемеген

Мемлекеттік кірістер комитеті мүлік салығын төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жолдаған.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың 2020 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталғанын еске салды.

«Бүгінде 1 миллионнан аса азаматтың 3,4 миллиард теңгеден аса мүлік салығы бойынша берешегі бар. Антирейтингті Нұр-Сұлтан (604 миллион теңге), Алматы (853 миллион теңге) және Шымкент (783 миллион теңге) тұрғындары бастап тұр. Осыған байланысты, 2021 жылдың 1 қазанына дейін салық міндеттемелерін орындамаған азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді», деді ведомство өкілдері.

Хабарлама орындалмаған және берешегі 2021 жылғы 15 қарашадан кейін төленбеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары берешекті одан әрі мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларына жібере отырып, өндіріп алу туралы ұйғарымдарды қарастырады.

«Банк шоттарына тыйым салу, жеке сот орындаушыларының мүлікке шектеу қоюы және елден кетуге жол бермеу. Қарыз бар-жоғын e-Salyq Azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы арқылы МКК байланыс орталығының бірыңғай нөмірі – 1414 арқылы білуге ​​болады»,  деп түйіндеді ведомство өкілдері.