Бұрнағы күні Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қызметі және “Қазақстан Республикасы сыртқы барлауының ардагерлері” қоғамдық ұйымы ұйымдастырған салтанатты шаралар өтті.
ҚР “Сырбар” Сыртқы барлау қызметінің директоры генерал-майор А.Жанқұлиев Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, соғысқа қатысқандардың артында қалған жесірлеріне және соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне арнап құттықтау сөз сөйледі. “Сырбар” қызметінің ұжымы атынан қонақтарға құттықтау хаттары және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлері және “Қазақстан Республикасы сыртқы барлауының ардагерлері” қоғамдық ұйымының атынан М.Д.Баратов, Ж.Б.Мәрденов, М.И.Исин, Б.Н.Мешенбаев және В.М.Кривоногов секілді аға ұрпақ өкілдері сөз сөйледі. Олар ардагерлердің мұң-мұқтажына көңіл бөлгендері және Қазақстан халқының ерлік жолын жас ұрпақтың жадында сақтаудағы қамқорлығы үшін Президент Н.Ә.Назарбаевқа, ел Үкіметіне шын алғыстарын және ризашылықтарын білдірді.
“Егемен-ақпарат”.