Аймақтар • 03 Қараша, 2021

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазадан босатылды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазаланбайтын болдыү Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазадан босатылды

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жақында тұрғын үйді бұзуға келген сот орындаушысын ұрған Мақсат Ысқақовқа қатысты «Сот орындаушыларының қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысы туралы хабарлады.

«Тергеу барысында сот орындаушысының шабуыл жасауға өзі итермелегені анықталды. Қолда бар видеоны зерттеп, қылмыстық іс материалдарына қостық», деді Алматы қалалық ІІД.

Полицейлер аталған мән-жайға байланысты қылмыс құрамының, яғни сот орындаушысының әрекетіне кедергілердің жоқтығын айтты.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Сот орындаушылар палатасы ер адам полицейлердің көзінше қызметкерді ұрып-соққанын хабарлады.

Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы осы оқиғаға қатысты сот орындаушылар палатасына жауап берген. Ал жәбірленушінің өзі видео жариялап, соққыға жыққан ер адамды қамататынын айтқан болатын.