Спорт • 03 Қараша, 2021

Astana Qazaqstan велокомандасына жаңа спорт директоры тағайындалады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana командасының тарихындағы ең тәжірибелі және табысты басшылардың бірі Александр Шефер туған командасына оралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Qazaqstan велокомандасына жаңа спорт директоры тағайындалады

2022 жылы Александр Шефер жетекші спорт директоры болады. Осы маусымда Александр ресейлік «Газпром – Русвело» командасымен жұмыс істеді. 2022 жылға арналған қолданыстағы келісімшартқа қарамастан, ұжымдар Александр Шеферді Astana Qazaqstan командасына қайтару туралы өзара келісімге қол жеткізді.

«Жобадан тыс бір жыл өткеннен кейін Astana Qazaqstan командасымен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын. Мен жаңа маусымға дейін қуат пен шабыт сезінемін. «Газпром – Русвело» басшылығына осы командада өткізген уақыт үшін, онда алған жаңа тәжірибем үшін, сондай-ақ Astana Qazaqstan командасына оралу мәселесіндегі түсінігім мен икемділігім үшін ризамын. Мен бұны өте бағалаймын. Жаңа маусым жақындап келеді және келесі жылы командада өзгерістер көп болмақ, ол жаңа өршіл мақсаттар қояды, Александр Винокуровпен және бұрыннан білетін барлық командаластарыммен және әріптестеріммен қайтадан жұмыс істеуді асыға күтемін», деді Александр Шефер.